Original caption
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе (@Mikheil Lomtadze) Kaspi Магазиндегі жеке Ai көмекші — Kasper-ді таныстырды. Таныстырылым 1 шілдеде Алматыда «Қалыптан шығу уақыты келді!» ұранымен өтті. Kasper — бұл Kaspi.kz инновациялары тарихындағы жаңа белес. Бұрын клиенттер тауарларды негізгі сөздер арқылы іздеп, сипаттамаларын салыстыратын, пікірлерді оқып, көптеген нұсқалардың ішінен таңдайын. Енді тапсырманы өз сөзіңізбен қарапайым тілде түсіндірсеңіз болды, Kasper дәл сізге қажетті затты таңдауға көмектеседі. Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе: «Біз үшін инновация — бұл тек бір күн ғана таңғалдыратын жаңа технологиялар емес. Нағыз инновация — технология миллиондаған адамға пайда әкеліп, күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған кез. Біз әрдайым сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартуға тырысамыз. Kaspi Магазинді ашқан кездегі біздің мақсатымыз қарапайым еді: әр қазақстандық барлық затты бір жерден сатып ала алса екен дедік. Бүгінгі таңда Kaspi Магазинде 106 мың сатушы, 20 миллион тауар, олардың бағасы, пікірлер, рейтингтер, толық сипаттамалары мен сипаттары клиенттің игілігі үшін жинақталған. Біз «қайдан сатып алуға болады» деген мәселені шештік. Бірақ таңдау мүмкіндігі кеңейген кезде жаңа міндет туындады — ол клиентке сенімді таңдау жасауға көмектесу. Кез келген адам әр тауардың сарапшысы болуға міндетті емес. Енді өзіңізге не қажет екенін қарапайым тілмен түсіндірсеңіз болды, Kasper сізге бәрін ұғынуға көмектеседі: күрделі терминдерді қарапайым сөздермен түсіндіруге, салыстырып, өзіңізге ең жақсысын таңдауға жәрдемдеседі. Жаңа әрі керемет сервистерді үлкен шабытпен жасап жатқан командамызға алғыс айтқым келеді. Сондай-ақ бізбен бірге болғаны үшін әрбір сүйікті клиентіміз бен серіктесімізге рақмет!» Kasper қазақ және орыс тілдерінде сөйлеседі. Сұрақтарды дауыспен қоюға немесе мәтінмен беруге болады. Kasper шілде айында Алматыдағы клиенттерге қолжетімді болады, содан кейін біртіндеп бүкіл елімізге енгізіледі. #KaspiKZ #KaspiМагазин #Kasper #михаилломтадзе