Original caption
Джеки Қазақстанда өзін үйіндегідей сезінуі үшін Михаил Ломтадзе аты аңызға айналған актерге Kaspi Gold табыс етті. 10 шілдеде Алматыда Джеки Чанның қатысуымен Қазақстанда түсіріліп жатқан «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсіріліміне арналған баспасөз конференциясы өтті. Kaspi.kz фильм түсірілімінің бас серіктесі болды. Баспасөз конференциясы барысында Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе Джеки Чанға Kaspi Gold картасын табыс етті. Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе (@Mikheil Lomtadze): «Джеки Чанды Қазақстанда қарсы алу және оның жаңа фильмінің түсіріліміне қолдау көрсету — біз үшін үлкен қуаныш. Бұл оқиға елімізге назар аудартып, Қазақстанды әлемге жаңа қырынан танытады. Джеки Қазақстанмен танысып та үлгерді, бірақ еліміздің күнделікті тыныс-тіршілігін жете түсінуі үшін оған міндетті түрде Kaspi Gold керек деп шештік. Осы карта арқылы Джеки заманауи Қазақстанның қалай өмір сүретінін тереңірек сезініп,түсірілім кезінде өзін бұл жерде үйіндегідей сезіне алады. Осынау ауқымды жобаға қатысу мүмкіндігін бергені үшін Sәlem Entertainment пен Adal Investments-ке алғыс айтамыз. Джеки Чанға және фильмнің бүкіл командасына түсірілімнің сәтті өтуін, сарқылмас қуат пен Қазақстаннан ерекше әсер алуды тілейміз». Джеки Чан, актер, режиссер әрі продюсер: «Осы жерде тұрғаныма, Қазақстанға қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Ең алдымен Kaspi.kz пен Sәlem Entertainment-ке, сондай-ақ режиссерге және осы жобаның жүзеге асуына үлкен еңбек сіңірген жандардың бәріне алғыс айтқым келеді. Түсірілімнің басталуын тағатсыздана күтіп жүрмін. Фильм түсірілімі басталған кезде оның нағыз сынаққа айналатынын білемін, бірақ сонымен бірге бұл үлкен қуаныш сыйлайды. Бәріңізді жақсы көремін. Рақмет!» «Құдайдың сауыты» — бүкіл әлемдегі көрермендердің бірнеше буынының ықыласына бөленген культтік шытырман оқиғаға толы франшиза. Жаңа «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмі Джеки Чанның аты аңызға айналған кейіпкерінің оқиғасын жалғастырады. Фильмнің түсірілімі Маңғыстау және Алматы облыстарында өтіп жатыр. Бұл жерлерді Джеки Чан 2025 жылдың соңында Қазақстанға келген сапарында өзі таңдаған болатын. Жобаның бастамашылары — Sәlem Entertainment және Adal Investments. Фильмнің тұсаукесері 2027 жылғы ақпанға жоспарланған. #KaspiKZ #ДжекиЧан #МихаилЛомтадзе #ҚұдайдыңСауыты #Қазақстан